Өнер
1 мин оқу 380

Сыншылар сыйлығы қай театрға бұйырды

<p style="text-align: justify;">Қоштасқанымызға санаулы күндер ғана өткен ескі жылда Алматыда Қазақстан Республикасы Театр сыншылары қауым&shy;дастығы өзінің дәстүрлі сыйлығына қандай қойылым лайық&shy;ты екендігін анықтаған-ды. Сыншылар қауым&shy;дасты&shy;ғының нұсқасы бойынша &laquo;Жылдың үздік балеті&raquo; атағы &laquo;Астана Балет&shy;тің&raquo; &laquo;Жібек жолы&raquo; спектакліне берілді.</p>

Сыншылар сыйлығы қай театрға бұйырды

Дәстүр бойынша беделді сын­шыла­р бірлестігі 2022 жыл­ғы үз­дік­терді анықтау үшін елі­міз­дің барлық театр­ына сауалда­ма жолдай­ды. Сауалдамада ел театрла­рындағы шығармашылық үрдіс, репертуа­р құру саясаты, көрермендердің спектакльге келуі, сонымен қатар осы үрдісті уақтылы сараптамадан өткізуге байланысты сұрақтар қамтылған. Яғни осының бәрі де отандық және халықаралық театр қауымдастықтары, кәсіби мамандар мен ресми мем­лекет­тік мекемелер тарапынан қы­зы­ғушылық тудыратын мә­се­лелер.

Сонымен 2022 жылдың қоры­тындысы бойынша, «Астана Ба­лет» театры төмендегі ата­лым­дар бо­йын­ша сыншылар тағайын­даған сыйлықтармен марапатталды.

«Жылдың үздік балеті» атағы – ақын Бақыт Қайырбековтің либреттосына театрдың бас ба­лет­мейстері Мукарам Авахри қой­ған «Жібек жолы» спектакліне берілді. Қойылымның табысты болуына Арман Амар, Ренат Ғайсин, Владимир Иванофф және Омар Фарук Текбилек сынды танымал өнер қайраткерлері атсалысқан. Бұл қошеметке ие болу үшін костюм суретшілері – Әсел Шалабаева мен Дина Буксикова, сценограф – Асқар Ысқақов, бейнесуретші – Нұрлан Керей, жарық суретшісі – Роберт Даутов та аз еңбек сіңірмеген.

Ал «Үздік балет әртісі» жүл­десі – «Орфей мен Эвридика» спек­такліндегі Эвридика рөлін сомдаған театрдың жетекші солисі Татьяна Тенге бұйырды.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Сыншылар сыйлығы қай театрға бұйырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар