Коронавирус
1 мин оқу 210

Коронавирус жұқтырған 9 адамның жағдайы ауыр

<p style="text-align: justify;">Өткен тәулікте елімізде 112 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 315 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 225 пациент стационарда, 2 090 науқас амбулаториялық деңгейде.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған 9 адамның жағдайы ауыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар