Үкімет
1 мин оқу 201

Әлихан Смайылов Алматыдағы ЖЭО жұмысын тексереді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдегі жағдаймен танысу және жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жұмыс сапарымен Алматы облысына&nbsp;барады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап.</p>

Атап айтқанда, Үкімет басшысы бірқатар аграрлық және өнеркәсіптік кәсіпорында болып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізеді, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы мен қалалық ЖЭО жұмысын тексереді.

Бұдан басқа, Әлихан Смайыловқа облыс орталығын одан әрі дамыту, «G4 City» жобасын іске асыру, сондай-ақ жаңа тұрғын үй салу жоспарлары ұсынылатын болады.

Бөлісу:
Әлихан Смайылов Алматыдағы ЖЭО жұмысын тексереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар