Қоғам
1 мин оқу 180

Төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

<p style="text-align: justify;">Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы 2023 жылдың 13 қаңтарында төрт облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгені туралы хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

QazAvtoJol хабарлағандай, 11:15-тегі жағдай бойынша еліміздің төрт облысында орын алған қолайсыз ауа-райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді.

Автожолдарды тазарту үшін 250 бірлік жол-пайдалану техникасы мен 350-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Тәулігіне 900 текше метр мұзға қарсы материал жұмсалды.

Сондай-ақ ұлттық оператор 13 қаңтарда Павлодар облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында келесі бағыттар бойынша қозғалыс шектелгенін атап өтті:

  • Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 205-259 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін);
  • Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара автожолының 0-231 шақырымы (Қалқаман кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).
Бөлісу:
Төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар