Аймақтар
1 мин оқу 331

Алматыда рекордтық аяз тіркелді

<p style="text-align: justify;">Еліміздің оңтүстік астанасында орнаған аяз 54 жылдан кейін қайта қайталанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда Алматыда екі температулық рекорд тіркелген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда рекордтық аяз тіркелді

«Шымбұлақта» ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін 1969 жылдың қаңтарында -27 градус аяз тіркелген еді.

«Сонымен қатар «Мыңжылқы» метеостанциясында да рекорд жаңарды. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда ауа температурасы -32,4 градусқа жетті», дейді Алматы және Алматы облысы бойынша Қазгидромет филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ

Бөлісу:
Алматыда рекордтық аяз тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар