Аймақтар
1 мин оқу 250
Талдықорғанда есірткі сатушы марихуанамен ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қала орталығында күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Нәтижесінде 30 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Оның дорбасынан 44 сіріңке қорабына салынған марихуана табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 125,35 граммды құрады. Бұл дерек СДТБТ-да ресми тіркелді. Күдікті УҰИ-ға қамалды.
«ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.
Бөлісу: