Қаржы
1 мин оқу 233

Қор нарығында доллар арзандады

<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 462,29 теңгені құрап, 0,22 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы көтеріліп, 68,57 теңгені (+0,18) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ал рубль бойынша сауда-саттық әлі аяқталған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 497,92 теңгеге, рубльді – 6,83 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 461,5-465 теңгеден, еуроны - 499-504 теңгеден, ресей рублін - 6,7-6,9 теңгеден сатып алады/сатады.

Сондай-ақ 13 қаңтардаға сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы сәл қымбаттады.

Мәселен, ICE Futures-тегі Brent маркалы наурыз фьючерстерінің құны 0,06%-ға, барреліне 84,08 долларға дейін өсті.

NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстері ақпан айында 0,15%-ға, барреліне 78,51 долларға дейін қымбаттады.

Бөлісу:
Қор нарығында доллар арзандады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар