Қоғам
1 мин оқу 191
Қазақстанда аз қамтылған азаматтардың саны артты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда аз қамтылған азаматтардың саны артты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Министрдің айтуынша, өткен жылы аз қамтылған азаматтар саны 4,9 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 5,1 пайызға жетті.
«Инфляцияның жоғары деңгейінен азаматтар табысынан айырылып жатыр. Азаматтар ақшасының көп бөлігін азық-түлік сатып алуға жұмсайды. Мысалы, 150 мың теңге туралы айтатын болсақ, қазір бұл ақшаның 60-70 пайызы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасын одан әрі дамытуға қалатын қаржы азайды. Әрине, бұл жағдай әр отбасының бюджетіне әсер етеді», деді Тамара Дүйсенова.
Бөлісу: