Сайлау
1 мин оқу 330

Бүгін Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді

<p style="text-align: justify;">2023 жылғы 14 қантарда&nbsp;елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының&nbsp;20&nbsp;депутатының сайлауы өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтарын сайлайды. 

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі. 

Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген. 

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады.

Бөлісу:
Бүгін Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар