Сайлау
1 мин оқу 690

Жетісу облысында Сенат депутаттарының сайлауы өтті

<p style="text-align: justify;">Онда өңірден 2 адам кандидат ретінде тіркелген. Олар Сенат депутаты Амангелді Толамисов пен Жетісу облысының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жетісу облысында Сенат депутаттарының сайлауы өтті

Жалпы сайлауға аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардан 148 депутаттың 132-сі қатысты.

Халық қалаулыларының таңдауы бойынша басым дауысқа Амангелді Толамисов ие болды. Оған халық қалаулыларының 100-і сенім білдірген. Ал, Ғабит Тұрсынбайға 29 депутат дауыс берді. Қалған 3 депутаттың 2-уі «барлығына қарсымын» деп таңдау жасаса, біреуінің бюллетені жарамсыз деп танылған.

Амангелді Толамисов Жетісу облысынан Парламент Сенатына 6 жылға сайланып отыр.

Бөлісу:
Жетісу облысында Сенат депутаттарының сайлауы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар