Оқиға
1 мин оқу 450

Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Грузин және кеңес әртісі, киноактер, кинорежиссер, эстрада әншісі және бірнеше әннің авторы Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы шілденің 19-ында Тбилиси қаласында дүниеге келген. Грузияның халық әртісі. Орысша және гүржі тілінде бірнеше әндердің авторы әрі орындаушысы.

Кикабидзенің режиссерлік жұмыстары – «Будь здоров, дорогой» (1981 ж.) және «Мужчины и все остальные» (1985 ж.).

Ол кеңес кинематографының әйгілі фильмдерінің бірі – Георгий Данелия түсірген «Мимино» фильмінде бас кейіпкердің рөлін ойнаған.

Бөлісу:
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар