Аймақтар
1 мин оқу 260

Аязды күні тегін такси

<p style="text-align: justify;">Арқада аяз кәріне мінгелі бір&shy;неше күн. Қаңтардың онынан басталған аяз үш күнге созылды. Ауа температурасы &ndash; 30 градус&shy;тан төмендемеді. Осы орайда Қарағанды облысында аяз күшейгеннен бері &laquo;Тегін такси&raquo; қайы&shy;рымдылық акциясы бастау алды. Мұндай игі іске ұйытқы бол&shy;ған &ndash; мешіт қызметкерлері. Діндар&shy;лардың бұл үндеуіне көлік иелері мен жанармай құю бекеттері де қолдау білдіріп, аймақта жүзге жуық такси тегін қызмет көрсетті.</p>

Аязды күні тегін такси

– Біз «Тегін такси» және «Қолыңнан келсе, қолғабыс бол» қайырымдылық ак­цияларын өткіземіз. Жақсылық жасап, маңайыңа көмек берген абзал. Жұрт­­шы­лықты мейірімділік пен жауап­кер­шілікке шақырамыз, – дейді Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, те­гін такси облыстың қалаларында ғана емес, ауыл­­дық жерлерде де ха­лық­ты тасып жүр. Акцияға бір жанар­май бекеті үн қосқан. Бұдан бөлек, аязды күндері ком­муналдық қызмет жұмыс­шыларына ыстық шәй таратып, бойларын жылытуға да қамқорлық танытыпты.

– Баршасына рахмет. Осындай игі істер көбейе берсін. Бұл халыққа көмек. Мен күн сайын мешітке барамын. Осы аязды күндері мені үйге тегін алып келді, – дейді 74 жастағы ақсақал Зікірия Абдрахманұлы.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Аязды күні тегін такси · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар