Аймақтар
1 мин оқу 330

Кілем тоқуды үйретті

<p style="text-align: justify;">Тараз қалалық &laquo;Анаға тағзым&raquo; орталығындағы &laquo;Бойтұмар&raquo; қолөнер және дизайн студиясының ұйымдастыруымен &laquo;Қазақ халқының қолөнер бұйымдары&raquo; тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараға арнайы қатысқан қолөнерші Эльмира Жантаева орталықтағы қыз-келіншектерге түкті кілемді тоқудың тәсілдерін үйретті.</p>

Кілем тоқуды үйретті

Шеберлік сағатына жи­на­лу­шылардың қарасы қа­­лың болды. Келушілер та­ра­пынан қойылған түрлі сауал­дарға жан-жақты жауап берген қолөнер шебері ты­қыр кілем, гобелен, бас­құр тоқудың техникаларын іс жүзінде жан-жақты көр­­сетіп, жылдар бойы жи­на­ған тә­жірибесімен бөлісті.

«Білгенімізді кейінгі толқынға үйрету, ұлттық өнер­­ді насихаттау – бар­ша­­­мыз­дың парызымыз. Байырғы бабалардан жал­ғасып келе жатқан ми­рас өнерді кейінгі жас­тар­дың ұмытпағаны дұ­рыс. Өйткені ықылым заманнан бері жалғасып келе жатқан өнеріміз ешқашан өлмеуі тиіс. Біз соған мүдделі болуымыз керек», дейді ше­бердің өзі көкейде жүрген ойы­мен бөлісіп.

«Анаға тағзым» орта­лы­­ғы­ның басшысы Эль­ми­ра Мырзағалидың ай­туы­н­ша, алдағы уақыт­та да ор­та­лық­­та ұлттық құндылық-

­тар­ды дәріптеуге арналған іс-ша­ралар легі толастамақ емес.

ТАРАЗ

Бөлісу:
Кілем тоқуды үйретті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар