Экономика
2 мин оқу 240

Қанатқақты жобалар тәжірибесі

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі мысалында мемлекет пен АӨК арасындағы табысты өзара іс-қимыл жобалары 2022 жылғы 12 қаңтарда Премьер-министрдің орынбасары &ndash; Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің еліміздің ең ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері компанияларының, салалық қауымдастықтарының өкілдерімен өткізген кезекті іскерлік таңғы асында таныстырылды.</p>

Қанатқақты жобалар тәжірибесі

«Оңтүстік» ӘКК арқылы қанатқақты жоба шеңберінде жеңілдетілген кредиттеудің арқасында 2021-2022 жылдар ішінде өңірде 35 жоба іс­ке қосылды – 21 сүт фермасы, 4 қой фермасы, 3 құс фаб­ри­касы, 1 шошқа кешені, 1 май­лы дақылдарды қайта өңдеу кә­сіпорны, 2 жылыжай және 3 жерді суару жобасы. Кәсіп­кер­лерге кезең-кезеңімен жыл­дық 4% номиналды сыйақы мөл­шер­лемесімен 8 жылға дейінгі мер­зімге 35 млрд теңге бөлінді. Басталған ауыл шаруашы­лығы жобаларының ауқымын түсінетін болсақ, 2020 жылға дейін бүкіл республика бойынша жыл сайын орта есеппен 2-3 тауарлы сүт фермасы салынған. Ал бүгінде салынған сүт фермалары арқылы Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 584 мың тонна немесе ел бойынша барлық сүттің 10,5%-ы өндіріледі. Бұл ретте 584 мың тонна сүттің 208 мың тоннасын өңірдің ұйымдасқан шаруашылықтары өндіреді. Бұл республиканың жалпы көлемінің 15%-ға жуығы, ел бойынша 1-орын.

Солтүстік Қазақстан облысы қанатқақты жобасының оң тәжірибесін назарға ала отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі бүкіл ел бойынша тәжірибені одан да тартымды жағдайларға дейін кеңейтуді ұсынды. Өйткені Ауыл ша­руа­шылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай бизнес-таңғы аста атап өткендей, бүгінгі таңда мем­лекеттің негізгі міндеті – им­портты алмастыруды қамта­масыз ету және елдің құс еті, сүт, көкөністерге деген қажет­тілігін сапалы өнімдердің ішкі өнді­рісімен жабу. Бұдан басқа, ауылда инвестициялық жобаларды іске асырудың оң әсері жаңа жұмыс орындарын құру болмақ.

Бүгінде өңірлердің әкім­дік­тері әлеуетті инвесторларды іріктеуде. Кейіннен мем­лекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП және бизнес өкілдерінен жұмыс топтары құрылатын болады, олар инвестициялық жобаларды таңдап, олардың іске асырылуын қадағалайтын болады. Талаптар өте жоғары: мен­шікті өндірістік және азық-түлік базасының болуы, қар­жылық тұрақтылық, дамыған өндіріс және басқалар. Өз тарапынан жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына қатысушылар өндірілетін өнімді өткізу ба­ғасы бойынша қарсы мін­деттемелерді өзіне алады.

«Осы бағдарламадан біз 100% қайтарымды, барлық қатысушы жобаларды табыс­ты іске асыруды күтеміз. Қа­тысу үшін ірі бизнесті тартамыз, жобалар 1-2 жыл ішін­де нәтиже беруге тиіс. Мемле­кет өз тарапынан қаржы алу­дың қарапайым және күрделі емес әдісін, қайтару мерзі­мін ұзартуды және төмен пайыз­дық мөлшерлемені ұсына­ды. Сонымен бірге өзара мін­дет­темелер бойынша біз көтерме және бөлшек сауда деңгейінде өнімдердің тұрақты бағасын күтеміз», деді С.Жұманғарин.

Бөлісу:
Қанатқақты жобалар тәжірибесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар