Үкімет
2 мин оқу 230

Ашықтықтан алшақтамайық

<p style="text-align: justify;">Шыны керек, бұрындары қоғам Сенат сайлауына көп көңіл бөлмей&shy;тін. Қазір &laquo;Кімдер үміткер?&raquo;, &laquo;Қалай өтті?&raquo;, &laquo;Кім сайланды?&raquo; деп бұл сая&shy;си іс-шараға ерекше назар аударатын болған.</p>

Ашықтықтан алшақтамайық

Біріншіден, ашықтық мәселе­сіне мән беріліп, кандидат­тар­дың сайлауалды бағдарламасы жұрт­шылыққа кеңінен таныстырылуы керек еді. Тұрғындарға өз өңірінен сай­ланатын депутаттың аймақ өмірі үшін қандай жұмыс істеуге ниетті екенін білу өте маңызды. Әйтеуір тұрғындар дауыс бермейді екен деп халықтан алыстау дұрыс емес. Әділетті Қазақстан құрамыз деп жатқан­дықтан, қоғаммен баянды байланыс орнатуға тырысу қажет. Екіншіден, сайланған депутаттардың басым бөлігі бұған дейін мемлекеттік басқару жүйесінде, яғни әкімдіктің айналасында қызмет еткендер. Жастар да жоқтың қасы. Тұрғындарды алаңдатқан жайттың бірі – осы.

Мәслихаттардың жауапкершілігі артуға тиіс. Халық арасында қазір түр­лі пікір өріп жүр. Көпшілігі «мәс­лихат депутаттары әкімнің нұсқауы­мен дауыс берді» дегенді алға тартады. Бұл – ашықтық мәселе­с­іне атүсті қараудың салдары. Бұған дейін алдағы уақытта Сенат депутат­тарын да халық сайлау керек деген ұсы­ныс айтқан едім. Тұрғындар өзі дауыс бергендіктен, күмәнді ойлар туын­да­майтын еді. Тағы бір мәселе – сай­ланған депутаттар мінберде халықтың мәселесін белсенді кө­тер­мей, қызметін үнсіздікпен өткізсе, ондай­лардың депутаттығын тоқтату керек. Алты жыл бостан-босқа орындықты тоздырғаны қажет емес. Тікелей сайлау болмағандықтан бақылау да аз. Депутаттың не тындырып жүргені белгісіз. Бұл мәселені бұған дейін де байқағанбыз. Тіпті халық түрін тану былай тұрсын, аты-жөнін білмейтін депутаттарды да көрдік. Алдағы уақытта мұндай «дәстүр» үзілуге тиіс. Сенат депутаттары халықтың арасында жүруі, тұрғындармен етене араласуы қажет. Бұқаралық ақпарат құралдарымен де қоян-қолтық жұмыс істеуі маңызды.

Марат БӘШІМОВ,

Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры

Бөлісу:
Ашықтықтан алшақтамайық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар