Білім
1 мин оқу 180

Алматылық оқушылар дәстүрлі форматта оқуға көшті

<p style="text-align: justify;">Бүгіннен бастап алматылық оқушылар мен студенттер білім ордасына барып оқиды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«16 қаңтардан бастап 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің бірінші және екінші курс студенттері дәстүрлі оқуға көшіп жатыр. Қазгидрометтің мәліметінше, 16 қаңтарда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м. /с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 7-9 аяз», делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін 12-13 қаңтарда Алматыда аязға байланысты мектеп оқушылары мен колледждің бірінші және екінші курс студенттері онлайн білім алған еді.

Бөлісу:
Алматылық оқушылар дәстүрлі форматта оқуға көшті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар