Теннисшілердің әлемдік рейтингі жарияланды
<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтинг бойынша 36-орында тұр. Тимофей Скатов әзірге 144-орында. Михаил Кукушкин бір сатыға төмен түсіп, 196-болды.
Бірінші орында испандық Карлос Алькарас, үшінші орында оның отандасы Рафаэль Надаль және норвегиялық Каспер Рууд.
Жұптық сайыста Андрей Голубев позициясын (49-орын) өзгерткен жоқ. Александр Недовесов екі сатыға төмендеп, 59-орынға тұрақтады. Багель жеті позицияға төмендеп, 179-орынға түсті.
Бірінші орында америкалық Раджиев Рам, үшінші орынды британдық Джо Солсбери, үшінші орынды голландиялық Уэсли Кулхофф алды.