Қазақстан
1 мин оқу 214

Министр Ербол Қарашөкеев Берлинге аттанады

<p style="text-align: justify;">18-20 қаңтар аралығында&nbsp;Германияның Берлин қаласында XV Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумы өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осы орайда «Жасыл апта – 2023» халықаралық көрмесіне қатысу үшін Министр Ербол Қарашөкеев бастаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Берлинге барады деп жоспарланған.

Айта кетейік, халықаралық дәрежедегі «Жасыл апта» – ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және бау-бақша саласындағы ең ірі халықаралық көрме-жәрмеңке. Ол 1926 жылдан бері Берлинде жыл сайын өткізіліп келеді.

Іс-шара аясында қазақстандық тарап халықаралық азық-түлік индустриясының озық технологиялық әзірлемелерімен және өнімдерімен танысады.

Бөлісу:
Министр Ербол Қарашөкеев Берлинге аттанады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар