Тарих
1 мин оқу 650

Тоқтамыс соқтырған теңге

<p style="text-align: justify;">Алтын Орда ұлысының атақ&shy;ты хандарының бірі &ndash; Тоқ&shy;тамыс. Қазақтың үлкен жазушысы Ілияс Есенберлин: &laquo;Үз-Темірдің екінші баласы Сар&shy;жадан Қоншақ, Қоншақтан Тұғылық қожа, Тұғылық қо&shy;жадан Тай қожа туады. Осы Тай қожаның бәйбішесі қо&shy;ңырат Қотан Күншек сұлудан болашақ Алтын орда ханы Тоқтамыс туған&raquo; деп жазады (&laquo;Алтын Орда&raquo; роман-трилогиясы. Алматы, 2021. &ndash; 397 б).</p>

Тоқтамыс соқтырған теңге

Кейбір деректерде Тоқтамыс ханды 1342 жылы туып, 1406 жылы Түмен даласында Едігемен шайқаста қаза тапқан делінеді. «Әкесі Орыс ханның қо­лынан қазақ тапқан соң, 1376 жылы Тоқтамыс Мәу­реннахр билеушісі Әмір Темірге қашып барып, 1378-1379 жылдары осы кісінің көмегімен Сығанақты жаулап алады да, Ақ Ордаға билік жүргізген», дейді жазушы І.Есен­берлин. Келесі 1380 жылы Мамай «Күлік шайқасында» орыс князі Дмитрийден жеңілген тұста Алтын Орда тағына отырып, 1380-1398 жыл­дары билік жүргізеді. Осы тұста ақ­ша реформасын жасап, өз атымен со­ғылған алтын-күміс теңгелерді айналымға түсірген.

Мына бір алтын теңге – Тоқта­мыс ханнан қалған мұра. Ресейлік тең­­гетанушы Р.Сагдееваның па­йымын­ша, бұл теңге хижраның 787 жылы (1392 жыл) Сарай әл-Же­дидте (Сарай Берке қа­ласы) соғыл­ған. Теңгенің бетіне: «Тоқ­тамыс хан. Билігі ұзақ болсын!» деген сөздер араб әрпімен жазылған. Теңгенің салмағы – 1,40 грамм. Диаметрі – 15-16 мм.

Бөлісу:
Тоқтамыс соқтырған теңге · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар