Өнер
2 мин оқу 230

2023: жоспар мен жоба

<p style="text-align: justify;">Жылдың басы әр шығармашылық ұжым үшін тың жобалар мен жаңалықтардың жарқын бастауы іспеттес. Ел астанасының мәдени ошағы &laquo;Астана Опера&raquo; театрында да осы маусым бірқатар премьераға толы болды. Мәселен, Дж.Пуччинидің &laquo;Богема&raquo;, Е.Брусиловскийдің &laquo;Қыз Жібек&raquo; опералары, Р.Ребектің хореографиясында С.Прокофьевтің &laquo;Күлбике&raquo; қиял-ғажайып балеті, А.Аданның шытырман оқиғалы &laquo;Корсар&raquo; балеті мен Күләш Байсейітова атындағы Камералық залдағы концерттер театр репертуарына ерекше серпін берді. Одан бөлек биылғы мерейтойлық маусымға орай гастрольдік сапарлар, &laquo;Жібек жолы&raquo; халықаралық опера және балет фестивалі мен Umai тұңғыш ұлттық сыйлығы театр тарихындағы айтулы оқиғалар тізбегінде қалды.</p>

2023: жоспар мен жоба

Жаңа жыл­дың жоспа­рындағы шығарма­шы­лық жаңалықтар да аз емес. «Ас­тана Опера» театры­ның директоры Ғалым Ах­медьяров өнер ор­дасының ре­пертуарындағы алдағы өзгерістермен бөлісе отырып, мерейтойлық маусымда әй­гілі орындаушы­лар мен спек­такльдерді бе­зендіруге шетел­дің мық­ты мамандарын ар­найы ша­қыратынын айтты.

«Театр үшін мерейтойлық жыл В.А.Моцарттың музы­касына чех хореографы Иржи Ки­лианның «Кішкентай өлім» балетінің премьерасы­мен жалғасады деп жос­пар­лап отырмыз. Сондай-ақ ком­позитор Герман Левен­скольд­тың «Сильфида» балетінің қойылымына дайындық жү­ріп жатыр. Одан бөлек шетел­дік әріптестермен бір­лес­­кен халықаралық жоба­лар әзір­ледік. Танымал ұжым­дар­дың біздің сахнада гас­троль­дік өнер көрсетулері де жос­парланып отыр. Мәселен, Борис Эйфманның балет театры келіп, «Анна Каренина» мен «Пигмалион эффектісі» спектакльдерін ұсынады», деді театр директоры.

Аталған өнер ұжымы бала­ларға арналған шығар­маларды да қамтып келеді. Бірнеше ай бұрын С.Прокофьевтің музыкасына «Күлбике» балетінің премье­расы өткен еді. Жа­қында Жолан Дәстеновтің «Қаң­бақ шал» ертегі-операсы репертуарға енгізілмек.

«Бұдан бөлек күзге қа­рай «Опералия» халық­аралық му­зыкалық фести­ва­лін өткі­земіз. Айта ке­тейік, бұл фести­вальдің ұйымдас­тырылып жүргеніне де жиырма жылдан асты, оның тарихы Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрынан бас­талады. Екі онжылдықтан астам уақыт бойы оған әлем­дік опера мен балет сахна­сының жұлдыздары қатысты. Осы фестиваль аясында ба­лаларға арналған спектакльдер де көрсетіледі», дейді Ғ.Ах­­медьяров.

Иә, театр репертуары әр жыл сайын толығып, жаңа­рып отырады. Аталған шығармашылық ұжымының сахнасында да көптен бері қойылмаған кейбір спектакльдер осы жылы қайта жаңғыртылмақ.

Бөлісу:
2023: жоспар мен жоба · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар