Аймақтар
1 мин оқу 590

Биыл 15 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

<p style="text-align: justify;">Биыл Шымкентте мемлекеттік тілде білім беретін 15 жаңа мектеп ашылады. Нысандардың құрылысын жеке инвесторлар қаржыландырады. Бұл білім ошақтарында келешекте 11 мыңнан астам бала оқымақ.</p>

Биыл 15 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Қалалық білім басқармасы таратқан мәліметке сәйкес жаңа мектептер мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында салынады. Жан басына қаржыландыру бағ­­дарламасы бойынша білім бе­­рі­леді. Бұл дегеніміз – білім ұя­ла­ры жекеменшік болғанымен, барлық шығын бюджет есебінен толтырылады. Сондықтан ата-аналар қалталарынан бір тиын да шығармай, балаларын тегін оқытады. Білім ошақтарының құрылысына байланысты осы жобаны жүзеге асыру арқылы алдағы уақытта мегаполистегі үш ауысымда білім беретін мек­тептердің мәселесі түбегейлі жо­йылады.

Ресми мәлімет бойынша, былтыр жан басына қаржыландыру бағдарламасымен жұмыс істейтін мемлекет-жекеменшік әріптестігі жүйесімен салынған 41 мектеп пайдалануға берілген еді. Онда қазір 24 мыңнан астам бала білім алып жатыр. Былтыр ғана ашылған 41 білім ошағының 34-і таза қазақ тілінде оқытатын мектеп болса, қалған жетеуі – аралас мектептер.

Бүгінгі таңда Шымқалада жал­пы орта білім беретін 246 мектеп бар. Оның 95-і – жекеменшік, қалғаны – мемлекеттік білім ошақтары. Сонымен бірге мегаполисте 579 мектепке де­йінгі білім беретін ұйымдар қыз­мет көрсетеді. Осы бөбекжай мен балабақшаларда 70 мыңға жуық шымкенттік балдырғандар тәрбиеленіп жатыр.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Биыл 15 жаңа мектеп пайдалануға беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар