Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді
<p style="text-align: justify;">Хоккейден Қазақстанның студенттік құрамасы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан Универсиадада Словакия құрамасын жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Қазақстан Словакияны 4:0 есебімен ұтты. Шайбаларды Максим Мұхаметов (8-минутта), Станислав Александров (10-минутта), Батырлан Мұратов (20-минутта) және Олег Бойко (29-минуттта) соқты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Лейк-Плэсидтегі Универсиадада қатарынан төртінші ірі жеңіске жетті. Бұған дейін Оңтүстік Кореяны (5:1), Венгрияны (9:1) және Ұлыбританияны (15:1) жеңген болатын. Сондай-ақ Қазақстан 2019 жылы Красноярск қаласында (Ресей) өткен Универсиадада жеңілгені үшін Словакиядан есесін қайтара алды.