Оқиға
1 мин оқу 271

Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған орын табылды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында есірткі қылмысын ашу барысында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Төле би ауылында бос қалған ғимараттың ішінен қару-жарақ тауып алды.

Полицейлер жасырылған жерден жартылай автоматты тегіс ұңғылы Mossberg мылтығын, екі тегіс ұңғылы ИЖ-16 мылтығын, екі ұңғылы ТОЗ-16 екі шолақ мылтықты, төрт ұңғылы ПБ-4 Оса тапаншасын,  Револьвер Reg agent газ тапаншасын, ПМ тапаншасын, жарық дыбыстық гранаталар мен оқ-дәрілерді алып шықты.  Табылған ПМ тапаншасы қаңтар оқиғалары кезінде Полиция департаментінің  қоймасынан ұрланған.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері есірткіге қарсы күрес барысында осындай төрт қару-жарақ орны табылған.

Бөлісу:
Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған орын табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар