Бокс
1 мин оқу 252

Головкин мен Әлімханұлы әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына кірді

<p style="text-align: justify;">Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік елу боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.sports.kz/news/dva-kazahstantsa-voshli-vtop-50-luchshih-bokserov-planetyi">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Рейтинг көшбасшысы украиналық боксшы Александр Усик болды. Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ, үшіншісі мексикалық Сауль Альварес болды. Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді.

Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингі бойынша Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-орынға табан тіреді.

Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы бір дивизионда WBO белбеуінің иегері.

Бөлісу:
Головкин мен Әлімханұлы әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына кірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар