Аймақтар
1 мин оқу 200

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысы&nbsp;Луговое ауылында науқасты Таразға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Луговое ауылынан Таразға жол тартқан көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. 31 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі соқтығысуды болдырмауға тырысып, қарсы жолаққа бұрылып, жол талғамайтын көлікті соғып кете жаздаған. Жанама соққыдан соң, жедел жәрдем көлігі бүйіріне құлаған. Фельдшер жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасына көктайғақ себеп болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. 

Бөлісу:
Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар