Оқиға
1 мин оқу 245
Абай облысында мектеп оқушысы жоғалып кетті
<p style="text-align: justify;">Абай облысында 2009 жылы туған мектеп оқушысы хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Қазіргі сәтте полиция қызметкерлері Рахымғалиев Ақсұлтан Нұрланұлын жан-жақтан іздеп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ол 2023 жылдың 17 қаңтарында сағат 7:40 шамасында үйден шығып, мектепке аттанған. Содан бері әлі үйіне оралмаған.
«12 жастағы оқушының бойы - 1 метр 40 сантиметр, арықтау келген, шашының түсі - қара. Үйінен капюшоны бар қара көк күрте, көк түсті шалбар (мектеп формасы), қара түсті етік және көк түсті қалпақ киіп шыққан», деп жазды Polisia.kz сайты.
Бөлісу: