Елорда
1 мин оқу 230

Астанада тротуарлар мен жолдардың мұзы тазартылып жатыр

<p style="text-align: justify;">Соңғы күндері елорданың тротуарлары мен жолдарында ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты көктайғақ байқалады. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күреу жұмысын, сондай-ақ жол және жаяу жүргіншілер бөлігінің аумағын мұздан тазартуды белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Қар күреу жұмысы белсенді жүріп жатыр. Таңертеңнен бастап екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

17 қаңтарға қараған түні елордадан 32 мың текше метр қар немесе 2 535 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға шамамен 2,2 млн текше метр қар мен мұз немесе 177 мыңнан астам рейс шығарылды.

Сондай-ақ қаланың барлық ауданында – қоғамдық орындарда, кварталішілік аумақтарда, тротуарларда, аялдама павильондарында және т.б. құм-тұз қоспасын себу жүргізіліп жатыр.

Тайғақ жерлерде құлап, жарақат алмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс ережесін қатаң сақтауы керек.

Бөлісу:
Астанада тротуарлар мен жолдардың мұзы тазартылып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар