Екі жерлесіміз – үздіктер санатында
<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой бокс туралы жазатын Worldboxingnews.net порталы дәл қа­зір­гі уақыттағы әлемдегі ең мықты деген 50 боксшының тізімін жариялады. Үздіктер санатында Қазақстанның екі былғары қолғап шебері бар.</p>

Аталған рейтинг боксшылардың 2022 жылы өткізген жекпе-жектерінің нәтижесіне қарай жасалған. Былтыр екі кездесу өткізіп, біреуінде жеңіп, біреуінде жеңілген орта салмақта WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин 27-орынға жайғасқан болса, 2022 жылы екі айқас өткізіп, екеуінде де қарсыласын тізе бүктірген осы салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 48-орында тұр.
Үздіктер тізімін ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы украиналық Александр Усик бастап тұр. Екінші орында жапониялық Наоя Иноуэ болса, үздік үштікті мексикалық Сауль Альварес түйіндеді.