Хоккей
2 мин оқу 180

«Барыс» плей-офф кезеңіне шыға ала ма?

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың &laquo;Барысы&raquo; биылғы маусымды өте сәтсіз өткізіп жатыр. Қазіргі таңда Андрей Скабелка шәкірттері &laquo;Шығыс&raquo; конференциясының жарыс кестесінде 48 ұпаймен 11 команданың ішінде небәрі 10-орында келеді. Көш соңында тұрған &laquo;Амурдың&raquo; да еншісінде 48 ұпай бар. Егер, жерлестеріміз енді қалған 16 турда да еңсе тіктемесе, турнир кестесінде жоғары орыннан көрінуі былай тұрсын, Гагарин кубогі жолындағы жарысқа жолдама беретін үздік 8 клубтың қатарына іліне алмай қалуы әбден мүмкін.</p>

«Барыс» плей-офф кезеңіне шыға ала ма?

Жаңа маусымның алдында «Барысты» бұған дейін екі жыл жаттықтырған, сол ара­лықта клубпен бірге тола­йым табыстарға қол жеткіз­ген Бе­ларусь маманы Андрей Ска­бел­ка команда тіз­гінін ұс­тағанда, жанкүйер­лер­дің қуа­нышында шек болған жоқ. Бар­лығы да Қазақ­стан ко­ман­­да­сының биыл­ғы тұрақ­ты біріншілікте тә­уір өнер көр­сететініне се­нім­ді бол­ған еді. Се­­бебі Андрей Вла­­димирович «Барыс» тіз­гінін ұс­таған алғашқы мау­сы­­мын­да-ақ (2018/19) елорда ұжы­­мының ҚХЛ-да бұрын-соң­ды көр­сетпеген нәтижесін тір­кеді. Яғни Құрлықтық хоккей ли­гасының тарихында бір маусымда жинаған ұпай саны бойын­ша рекорд орнатты. 62 ойында 86 ұпай жинады. Сонымен қатар Скабелканың басшылығымен өт­кен екі маусымда «Барыс» ойын­­шылары Чернышев дивизио­нында қатарынан екі жыл топ бастап, екі мәрте Гагарин кубогі жо­лындағы жарыстың жартылай финалына дейін жетті.

Осындай табысты нәти­же­лерден кейін «Барыс» жанкүйер­лері Беларусь маманының Қа­зақ­станға екінші рет оралуы да же­місті болады деп сенген еді. Өкі­ніш­ке қарай, «Барыс» хок­кей­­шілері биылғы маусымда жан­­­­күйерлерінің сенімін ақтай алмай отыр.

Жалпы, «Барыстың» биылғы маусымдағы сәтсіздігіне маман­дар әртүрлі болжам айтып жатыр. Көбісі Қазақстан коман­дасының басшылығы мау­сымаралық үзіліс кезінде тран­сфер саясатын дұ­рыс жүр­гіз­беді деп есептейді. Әрине, бұл пікірдің де жаны бар. Жаз мез­гілінде командадан тәжі­рибелі хоккейшілердің бір шоғыры кетті. Мәселен, кейінгі бес жылын «Барыста» өткізген қор­ғау­шы Валерий Орехов Маг­нито­горскінің «Метал­лур­гіне» ауысса, елордалық клубта табаны кү­ректей 14 маусым ойнаған Роман Старченко өз күшін басқа клубта сынап көруге бел буды.

Орехов ҚХЛ-да 211 матч өткізіп, 32 (8+24) ұпай жинады. Ал Қазақстан құрамасының капи­таны Старченко 740 матч­та 200 шайба соғып, 377 мәрте әріп­тестеріне нәтижелі пас бер­ген. Сондай-ақ Ро­ман Стар­ченко – «Барыс» тари­хындағы ең үздік екі сұрмер­генінің бірі. Міне, «Ба­рыс» бас­шылығы ко­ман­да­ның көш­басшысына, нағыз бет-бей­не­сіне айналған осын­дай хок­кей­шілерді оп-оңай өзге клуб­тарға жібере сал­­ған.

Ал олардың орнына 33 жас­тағы шау тартқан канадалық қор­ғаушы Алекс Грант, 28 жас­тағы Джесси Грэм мен 26 жас­тағы Нельсон Ножье, ҚХЛ ко­мандаларында жа­рытып ой­на­маған ресейлік хок­кейшілер – Юрий Сергиенко, Михаил Гри­­горьев, Иван Ми­щенко се­кілді ойын­шыларды ал­дыртты. Сондай-ақ шабуылшылардан АҚШ-тың тек төменгі лигаларын­да ойнаған Джереми Бракко мен Энтони Луисті аттай қалап алдыртты.

Аталған хоккейшілердің осы маусымдағы статистика­сы­на көз жүгіртсек, кімнің қай дең­гейде ойнап жатқанын оңай аңғарамыз. Мәселен, Алекс Грант биыл не­­бәрі 18 матч­та мұзайдынға шы­­ғып, бес мәрте мергендік таныт­­са, Джес­си Грэм барлығы 50 ойын­ға қа­ты­сып, бірде-бір шай­ба соқ­па­ған. Нельсон Ножье 36 кездесуде бір-ақ рет дәл­дік та­нытқан екен. Юрий Сер­гиенко, Михаил Григорьев пен Иван Ми­щенколар да бір реттен көзге түс­кеннен басқа ештеңе бітір­меген. Шабуыл­шылар Дже­реми Бракко мен Энтони Луис 46 және 47 матчта 10 шайбаны әрең қақпаға енгізген.

Бөлісу:
«Барыс» плей-офф кезеңіне шыға ала ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар