Аймақтар
1 мин оқу 280

Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды

<p style="text-align: justify;">16 қаңтардан бастап облыс орталығында 48 аппараттық-бағдарламалық кешен (35 &ndash; желілік учаскеде және 13 &ndash; қиылыстарда) қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ-ге сілтеме жасап.</p>

Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жол белгілерiн сақтамау секілді жол ережелерінің бұзылуын тіркейді.

«Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу автоматтық режимде жүргізіледі және полиция қызметкері тексергеннен кейін құқық бұзушыға жіберіледі. Барлық ереже бұзу жағдайлары ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркеледі. Хаттамаларды ЭЦҚ көмегімен erap-public.kgp.kz және egov.kz сайттарынан, сондай-ақ Каспий банкінің мобильдік қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінде жүктеуге болады», деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар