Тағайындау
2 мин оқу 231

Техникалық реттеу комитетінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Жомарт Момышев Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жомарт Момышев 1971 жылы 10 қарашада Ақмола облысында дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ политехникалық университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

1993 – 1994: ДОП «Автомотосервис және сауда» диспетчері, Жамбыл қ.

1994 – 1995: ДОП «Автомотосервис және сауда» Экспедиторы, Жамбыл қ.

1995 – 1997: «Қамқор» АҚ Өндіріс шебері, Тараз қ.

1997 – 2001: «Интерсистема» ЖШС Экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Тараз қ.

2002 – 2002: Жамбыл облысы әкімі жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен жекелеген салық төлемдерін өндіріп алу жөніндегі агенттіктің мүлік, көлік құралдары және жер салығы салықтарын жинау бөлімінің бас маманының м.а., Тараз қ.

2002 – 2003: Жамбыл облысы әкімі жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен жекелеген салық төлемдерін өндіріп алу жөніндегі агенттіктің мүлік, көлік құралдары және жер салығы салықтарын жинау бөлімінің бас маманы, Тараз қ.

2003 – 2004: Жамбыл облысы Жаулін ауданы жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен жекелеген салық төлемдерін өндіріп алу жөніндегі агенттіктің мүлік, көлік құралдары және жер салығы салықтарын жинау бөлімінің директор - бастығы, Б. Момышұлы ауылы.

2004 – 2006: «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Жамбыл филиалы стандарттау және ақпарат бөлімінің бастығы, Тараз қ.

2006 – 2006: «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Жамбыл филиалы метрология бөлімінің бастығы, Тараз қ

2006 – 2018: «НайЭкс» АҚ Жамбыл филиалының директоры, Тараз қ.

2021-2021: «Казақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Жамбыл облысының директоры, Тараз қ.

2022 – 2022: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Жамбыл облысының сауда департаментінің басшысының м.а., Тараз қ.

2022 – 2023: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Жамбыл облысының сауда департаментінің басшысы, Тараз қ.

Бөлісу:
Техникалық реттеу комитетінің орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар