ИИДМ құрылыс саласындағы баға саясатын бекітті
<p style="text-align: justify;">Бағаны қалыптастыру тетіктерін жетілдіру аясында, сондай-ақ инфляциялық тәуекелдерді алдын алу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құн индексін бекітті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, құрылыстағы сметалық құнның өсуіне жол бермеу үшін жобалау-сметалық құжаттамадан прайс-парақтар алынып тасталған.
«Сметалық бағаның қымбаттауына жол бермеу үшін бірыңғай сметалық бағалардың жинақтары әзірленді. Бұл өз кезегінде сметалық құжаттаманы дайындау процесін жеңілдетіп, оның сараптау процесін оңтайландыра түседі», деді вице-министр.
ИИДМ баспасөзінің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолайлы қоғамдық кеңістіктер мен инфрақұрылымды қалыптастыру үшін қалаларды кешенді салудың стандарттары әзірленді.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ