Аймақтар
1 мин оқу 206

Ақмола облысында жасөспірім қыз үйінен қашып кеткен

<p style="text-align: justify;">16 қаңтар күні&nbsp;Целиноград ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын&nbsp;36 жастағы тұрғынның&nbsp;16 жастағы жиені үйден кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ-ге сілтеме жасап.</p>

16 жастағы қыз және оның ағасы мен інісі 36 жастағы әйел адамның қамқорлығында.

Әйел жасөспірім қыздың WhatsApp мессенджері арқылы байланысқа шығып, өзінің Астанада екенін айтқан. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер кәмелетке толмаған қыздың аудан аумағынан кетпегенін анықтады.

«Қыз осы уақыт бойы осы ауылда тұратын құрбысының үйінде болғаны белгілі болды. Полиция жасөспірімді үйіне қайтарды», деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Ақмола облысында жасөспірім қыз үйінен қашып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар