Спорт
1 мин оқу 220

Путинцева да келесі кезеңде

<p style="text-align: justify;">Әйелдер арасындағы Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Пу&shy;тинцева Аустралия ашық чем&shy;пионатының екінші айналымына жолдама алды.</p>

Путинцева да келесі кезеңде

Қазақстан теннисшісі жасыл құрлықта өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы алғашқы жарыстың бастапқы кездесуін әлемнің 42-ракеткасы румыниялық Сорана Кырстямен өткізді. Бірінші партияны ру­мыниялық спортшы сәтті бастап, 6:2 есе­бімен басым түсті. Дегенмен Юлия кейінгі екі партияда таразы басын теңестіріп қана қоймай, қарсыласын жарыс жолынан ығыстыра білді – 6:4, 6:3.

Екі сағатқа жуық созылған матчта Путин­цева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Жерлесіміз бүгін турнирдің үшінші айналымына шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы чехиялық Каролина Плиш­ковамен шеберлік байқасады. Каролина алғашқы айналымда Қытай теннис­шісі Сю Ванды екі сетте – 6:1, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Бөлісу:
Путинцева да келесі кезеңде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар