Аймақтар
1 мин оқу 345

«EWA» қазақша сөйлейді

<p style="text-align: justify;">Сұраған нәрсеңді әп-сәтте біліп бере қоятын &laquo;Окей гугл&raquo;, &laquo;Алиса&raquo; деген елгезек әрі ақылды құрылғылар бүгінде кімге де болса жақсы таныс. Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Әмина Ысқақова мен София Синицина осындай сөйлейтін кеңесші жасап шығарып, оны &laquo;EWA&raquo; деп атапты. &laquo;EWA&raquo; қазақша сөйлейді.</p>

«EWA» қазақша сөйлейді

Оқушылар өздері ойлап тап­қан «ақылды» құрылғыға ав­тор­лық құқық алып, енді саудаға шы­­ғару жағын ойластырып жатыр. Өнертапқыш қыздардың екеуі де 12 «С» сыныбында оқи­ды. Сабақтан тыс уақытта өнер­та­быспен айналысады.

– «EWA» – ерекше интел­лектуалды-ақпараттық көмек­ші. Бұл ақылды динамиктің көр­сететін қызметі де сан алуан. Мысалы, бөлмедегі ауа температурасын, ондағы газ мөлшерін анықтайды. Оны өндірісте де, үйде де қол­­дануға болады. «EWA» ма­­­те­матика, физика, химия, био­­логия пәндері бо­йынша есептерді шешіп, тап­сырма орын­дай ала­ды. Сонымен қа­тар уи­ки­пе­диядағы мәлімет­терді баян­дап, ертегі айта­ды. Түр­лі бұй­рықтарды орындап, үйде шам жағып, өшіре алады, – дейді Әмина Ыс­қа­қова.

Жас өнертапқыштар «EWA»-ны 2-3 айдың ішінде жа­­­сап шы­ғарған. Уақыттың көбі ақ­парат қо­рын жүктеуге және қазақ тілін ен­гізуге кеткен көрінеді.

– Біз әу баста өзіміз жасап жат­қан құрылғы міндетті түрде қа­зақша түсініп, сөйлей алуы ке­рек деген мақсат қой­дық. Құ­рылғы компьютер арқылы дауыс­тайды. Бұл дауыстың бәрін адам­ға оқы­туға шамамыз жетпеді. Мұн­дай тех­никаға адам даусын енгізу үшін кәсіби диктормен 270 сағат бойы жұмыс істеу керек. Оған біз­дің уақытымыз да, қаржымыз да бол­мады. Сон­­дықтан адамның дау­сын компьютердің даусына ал­­­мас­­тырдық, – дейді София Си­­ни­цина.

Қостанай облысы

Бөлісу:
«EWA» қазақша сөйлейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар