Тарих
1 мин оқу 680

Қазақ календары қажет

<p style="text-align: justify;">&laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінің байырғы оқыр&shy;ма&shy;ны&shy;мын. Басылымның биылғы 10 қаңтар күнгі №5 санында &laquo;Алғашқы қазақ календары&raquo; атты мақала (авторы Бекен Қайратұлы) жарияланған екен. Өте құнды жоба.</p>

Қазақ календары қажет

Айтайын дегенім бұл емес. Бізде осыдан 100 жыл бұрын шыққан қазақша календарь қазір неге жоқ?!. Қазақ календары дәл қазіргі қоғам үшін өте қажет дү­ние. Іздесең таппайсың, орыс­ша ка­лендарь толып тұр. Алуан тақырыпта. Сату­шыдан «Қазақша календарь неге жоқ?» деп сұра­саңыз мысқылдай кү­ліп: «Үкіметтен сұраңыз» дейді. Әрине, сатушы дұ­рыс айтады.

Бұрындары қазақша ка­­­лендарь кәдімгідей ру­ха­ни – танымдық кітап сияқты болатын. Сол жылы болуға тиіс даталы мерекелер, тарихи оқиғалар, тұлғалардың туған күндері мен дүние­ден өткен мер­зім­дері, со­ны­мен қатар адамзат ғұ­мы­рына пайдасы тиген ірі жаңалықтардың ашылған уақыты қатарлы дүниелер толып тұратын. Мектеп ұстаздары осы ка­лен­дарьға қарап, жылдық оқу-тәрбие жұмысын жос­парлайтын едік.

Біреулер айтатын шы­ғар, қажет дүниелер интер­нет­­те толып тұр деп. Оған талас жоқ. Бірақ оның қайсы­­­­сы ұлтымыздың бол­мы­­­сы­на кері, қайсысы пайдалы, оны соңғы буынның ажыратуы қиын. Өйткені пайдалы, пайдасыз ақпарат көп. Ал календарь болған жағдайда және оны Оқу-ағарту немесе Мәдениет және спорт министрлігі сараптан өткі­зіп, қазіргі за­ман талабына сай етіп бекітіп берген болса, тиім­ділігі зор болары хақ.

Көшербай ТӨКЕСТАЙ,

ардагер ұстаз

Орал 

Бөлісу:
Қазақ календары қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар