Роман Скляр «Газпром» басшысымен келіссөз жүргізді
<p style="text-align: justify;">Күні кеше Санкт-Петербург қаласында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллердің кездесуі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы табиғи газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, атап айтқанда, Қазақстан газын Орынбор МӨЗ-інде қайта өңдеу мәселелері, ресейлік газды Қазақстанға жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық жобалары айқындалған жол картасына қол қойылды.
Сондай-ақ кездесуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ермек Көшербаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов те төбе көрсетті.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ