Қоғам
1 мин оқу 420
Астанада балабақша тәрбиешілері балаға қол көтерген
<p style="text-align: justify;">Астанада балабақша тәрбиешілері ерекше қажеттіліктері бар балаға қол көтерген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
17 қаңтарда жергілікті тұрғын «Балам-Ай» баланы дамыту орталығында кәмелетке толмаған ұлына жасалған қатыгездік фактісі бойынша полицияға арыз жазды.
«Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады», делінген Астана ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу: