Аймақтар
2 мин оқу 663

Торайғырдағы қандыағаш тоғайы

<p style="text-align: justify;">Сұлтанмахмұт ақынның балалық шағы өткен Торайғыр жері кереметтей әсем өлке. Келушілердің көзін арбаған Баянауылдың тұмса табиғатының бір бөлшегі саналатын мұнда қара қандыағаш деп аталатын ерекше ағаш өседі. Қандыағаш &ndash; бұлақ бойын жағалай бітетін, сазды жерді, кермек суды жақтырмайтын, &laquo;Қызыл кітапқа&raquo; енген өсімдік.</p>

Торайғырдағы қандыағаш тоғайы

Ертеде ата-бабамыз қанды­ағаш таласа өскен тау баурайла­рын­да бұлақ барын білген. Негі­зі Қазақстанда қандыағаш Баян­ауыл мен Қарқаралының тау­лы-орманды алқаптарында, Ерей­ментау тауларында, Елек өзені жағалауында, сондай-ақ Қоста­най облысындағы Құсмұрын ма­ңында кездеседі, дейді жер жағ­дайын жақсы білетіндер. Баян­ауыл тауларындағы бұл ағаштың түрі қанды қандыағаш типіне жатады екен.

пвпр

Торайғырдағы қандыағаш то­ғайы – өте көрікті мекен. Дәл жанынан мөлдіреп Әулиебұлақтың суы ағып жатыр. Бұл жерде жазда ат шалдырып, тынығатындар, тоғай ішінде күрке тігіп, серуен құратындар көп. Тоғай ішіндегі жасыл алаңқайларға топ-тобымен туристер ағылып, ыстықта сая табады.

Баянауыл ұлттық табиғи пар­кінің инспекторы, белгілі өлкетанушы Алтынбек Құрманов қандыағаш топырақ минералы мол, суы тұщы жерлерді таңдайтынын айтады. Өсімдіктің бір ерекшелігі, күздігүні жапы­рағы мүлде сарғаймайды екен. Қарашаның қара суығында жа­пы­рағы жасыл күйінде үзіліп, жала­ңаштанады.

– Қандыағашты парк қыз­мет­­­керлері ғылыми индикатор ре­тінде пайдаланамыз. Жаз­ғы­тұрым төменнен жоғары қа­рай гүлдесе, жаздың сулы, жаң­бырлы болатынын білдіреді. Ал ке­рісінше, жоғарыдан төмен қарай көктесе, алдағы жазда қуаңшылық күтіп тұрғанын болжай беруге болады. Тағы бір кереметі, қанды қан­ды­ағаштың жапырағына құрт түссе, айналасындағы өсім­дік­терге де құрт түскенін білеміз. Ол құ­рамында химиялық зат бар қос­­палармен емделмейді, тек био­логиялық тұрғыдан са­уық­тыру ша­ра­лары жүргізіледі. Ол үшін құмырс­қаның илеуін күрек­пен төрт бөліп, бір бөлі­гін қан­ды­ағаштың түбіне апарып тас­таймыз. Құмырсқалар ағашқа өрмелейді де, өсімдіктің бойындағы барлық жыбырлаған құрттарды жеп қояды, – дейді өлкетанушы.

Қанды қандыағаштар кемі 150 жыл тіршілік етеді екен. Баян­­ауыл тауларының кө­біне теріс­­кей жағына біткен өсім­дік то­ғай­ларына қарап, бұл аумақ­тар­да бұлақтардың мол қоры бар еке­нін болжауға болатындай. Ағаш­қа қатысты биологтердің то­лық­қанды зерттеуі де жоқ. Жер­­гілікті өлкетанушылар мұ­қият зер­делеуге лайықты ботани­ка­лық-гео­графиялық құбылыс деп атап отыр.

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Бөлісу:
Торайғырдағы қандыағаш тоғайы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар