Оқиға
1 мин оқу 7,001
Алматыда троллейбус жүргізушісі көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Алматыда троллейбус жүргізушісін көлік қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
20 қаңтар күні сағат 07:10-да «Киа» автокөлігінің жүргізушісі 1998 жылы туған азамат Ж.Шаляпин көшесімен батыс бағытта келе жатып, жол бойында келе жатқан троллейбус жүргізушісі азамат К.-ны қағып кетті. Апат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу: