Жетісу облысындағы жеке үйде газ баллоны жарылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 13.36-да Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде көлемі 5 литр болатын газ баллоны жарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Оқиға салдарынан төрт адам, оның ішінде бір бала медициналық мекемеге жатқызылды. 1956 және 1980 жылы туған екі әйел денесінің 40-50% күйіктерімен жансақтау бөлімінде жатыр. 1961 жылы туған ер адамның қолын орташа ауырлықта күйік шалған, 2019 жылы туған бала қол мен аяқтың жеңіл күйіктерін алған.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері 2 бірлік техника күшімен өртті сағат 14.15-те сөндірді.
Өрт қатты отынмен жылытылатын пештің жанындағы 5 литрлік газ баллонының жарылуынан болған.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ баллондарды жылыту пештерінің жанында және басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы жылытпауға кеңес берді.
