Екібастұзда 65 тұрғын үй жылудан ажыратылады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін Екібастұзда жылумен жабдықтау желілеріндегі зақымдарды жою бойынша жұмыстар жоспарланған. Жөндеу кезінде 65 тұрғын үй, оның ішінде 4 көпқабатты үй жылудан ажыратылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Қала әкімдігінің мәліметінше, Марғұлан, 1, Мәшһүр Жүсіп, 58/1, Әуезов, 61/1, Молдағұлова және Шығыс өткелдері, 12-желілік өткел, Шевченко, 30, Оңтүстік өткел, 8 көшелері бойынша жылумен жабдықтау желілерінің ақаулы учаскелері ауыстырылады.
Тұрғын үйлердегі жылумен жабдықтауды өшіру 3-тен 8 сағатқа дейін созылады. Жөндеу жұмыстарына 37 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылады.
«Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтау қалпына келтіріледі», делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, қаланың жылу желілерінде 131 зақым жойылды, қалған 23-і алдағы 10 күнде жойылады деп күтіледі.