Теннис
1 мин оқу 204

Ширек финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия&shy;ның ашық біріншілігінің жекелеген сайысында Қазақстанның бір ғана теннис&shy;шісі қалды. Ол &ndash; еліміздің бірін&shy;ші ракеткасы Елена Рыбакина.</p>

Ширек финалға шықты

Александр Бублик бірінші және Юлия Путинцева екінші айналымнан аса алмағаннан кейін жасыл құрлықтағы жалғыз үмітіміз Елена Рыбакина еді. Бастапқы бәсекелерінде ита­лиялық Элизабетта Коччаретто мен слове­ниялық Кая Йуванды шаң қаптырып кеткен ол үшінші кезеңде WTA тізімінде 11-орында тұрған америкалық Даниэль Коллинзбен күш сынасты. Бұл тартыс 6:2, 5:7, 6:2 есебімен жер­лесіміздің пайдасына шешілді. Төртінші кезеңде әйгілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты. Әлемдік рейтингте көш бастап тұр­ған 21 жастағы поляк қызы 2020 және 2022 жыл­дары Ролан Гарроста топ жарған. Былтыр US Open додасында бас жүлдені олжалап, Аустралияның ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетті. Одан бөлек, WTA-ның 11 турнирін ұтты. Міне, осындай мықты ойыншымен еш қаймықпай айқасқан Елена бір жарым сағатқа созылған сайыста 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді Рыбакина ширек финалда латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Ширек финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар