Аймақтар
1 мин оқу 360

Асанәлі орталығы салынады

<p style="text-align: justify;">Тараз қала&shy;сында Халық әртісі Асанәлі Әшімов атын&shy;дағы өнер орталығы салын&shy;ады. Аталған орта&shy;лық өңір руханиятын наси&shy;&shy;хаттаудағы бірден-бір ма&shy;ңызды ны&shy;санға айнал&shy;мақ. Жаңа ны&shy;санның жөн-жо&shy;басын зерделеу мақса&shy;тында абыз ақсақал көне шаһарға арнайы ат басын бұрды.</p>

Асанәлі орталығы салынады

Кездесу барысында Тараз қа­ла­­сының әкімі Бақытжан Орын­беков Асанәлі Әшімовті жа­ңа­дан бой кө­теретін өнер ор­та­лы­ғының эскиздік жобасымен жан-жақты таныстырды. Өз кезегін­де А.Әші­мов орталыққа қа­тысты кө­кейдегі ұсыныстарын ортаға салды.

Б.Орынбековтің айтуынша, ны­сан­ның құрылыс жұмыстары наурыз айында басталады. Өнер орта­лығының жалпы аумағы 834 шаршы метрді құрамақ. Екі­қабатты ғима­ратта театр, кино, хореография се­кілді өзге де үйір­мелер жұмыс іс­тейді. Осылай­ша, жергілікті жастарды өнерге ­баулу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, Асанәлі Әші­­мов атындағы музей де атал­ған ғимаратқа көшіріледі. Қала әкімінің сөзіне сенсек, ғи­марат Ықылас Дүкенұлы атын­дағы қалалық мәдениет үйі­нің маңынан бой көтереді. Өнер орта­лығының қасбеті нео­классикалық стиль­де, плиталы траветеринмен әдіп­телмек. Нысан жыл соңына дейін пай­далануға беріледі.

«Өнерді қолдаған ел өрге басады. Бұл нысан сондай қолдаудың арқасында салынады. Жамбыл жері – туған өл­кем. Туған жерімде осындай ор­та­лық­тың бой көтеретініне бек қуаныштымын. Орталық маған емес, болашаққа қызмет етеді. Нысанның жалпы жобасы көңілімнен шықты», дейді Халық әртісі өз ойымен бөлісіп.

ТАРАЗ 

Бөлісу:
Асанәлі орталығы салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар