Теннис
1 мин оқу 260
Елена Рыбакина ширек финалға шыға алмады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан теннисшісі ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда осы «Үлкен дулыға» турнирінің 10-ракеткалары, жапониялықтар Сухо Аояма – Эна Шибахарамен шеберлік байқасты. Жапониялық жұп 6:2, 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина енді жекелей сында ғана жарыс жолын жалғастырады. Ол ертең әлемнің 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Бөлісу: