Оқиға
1 мин оқу 241

Өскеменде өртеніп жатқан үйден 15 адам эвакуацияланды

<p style="text-align: justify;">Өскеменде өрт сөндірушілер өртеніп жатқан бес қабатты үйдің 15 тұрғынын эвакуациялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өскеменде Бобровская көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шыққанын хабарлады. Түтін шыққан бөлмеден әйел адам өз бетінше шығып кеткен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 15 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 14 өрт сөндіруші мен бес техника жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Бөлісу:
Өскеменде өртеніп жатқан үйден 15 адам эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар