Оқиға
1 мин оқу 195

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">22 қаңтар күні сағат 16:35 шамасында КамАЗ автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай қалған. Оқиға салдарынан көлік аударылып кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көлік салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Автокөлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Жол қозғалыс ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар