Қазақстан
1 мин оқу 350

Қазақстанда мал дәрігерлері жетіспейді

<p style="text-align: justify;">Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев ветеринарлар тапшылығына байланысты жағдайды түзету бойынша жасалып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Қазір республикада 15 мың мал дәрігері жұмыс істейді. Әзірге 500 маман тапшы болып тұр», деді Асқар Жақыпбаев Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, өткен жылы Үкімет резервінен ветеринарлардың жалақысын көтеруге қаражат бөлінген.

«Бізде ветеринарлар жетіспейді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында ең төменгі жалақы ветеринарлар арасында. Бюджеттен және Үкімет резервінен 6,1 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер тарапынан қаржы бөлініп, осы шаралардың арқасында еңбекақы 50%-ға өсті. Биыл оны 35%-50%-ға көтеру жоспарда бар», деді Асқар Жақыпбаев.

Бөлісу:
Қазақстанда мал дәрігерлері жетіспейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар