Қазақстан
1 мин оқу 305

Ташкентте ЭЫҰ СІМК 26-шы отырысы өтеді

<p style="text-align: justify;">23-24 қаңтарда Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ЭЫҰ СІМК) 26-шы отырысы өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысады.

Іс-шара барысында Ұйымға мүше мемлекеттердің экономика, логистика, экология, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады.

«Министрлер кеңесінің қорытындысы бойынша Ташкент коммюникесін және басқа да бірқатар құжаттар мен ЭЫҰ есептерін қабылдау көзделіп отыр», деді Қазақстан СІМ ресми өкілі А.С. Смадияров.

Бөлісу:
Ташкентте ЭЫҰ СІМК 26-шы отырысы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар