Оқиға
1 мин оқу 240

Астана тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Ақмола полицейлері Астанада арнайы операция өткізіп, 8 келіден астам гашиш тәркіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

20 қаңтарда жоспарланған арнайы операция барысында Көкшетау қаласы ПБ және Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз өткізумен айналысқан елорданың 49 жастағы тұрғынын ұстады.

«Ақмола облысының аумағына есірткінің негізгі жеткізушісі, Астана қаласының тұрғыны анықталды. Ол 2022 жылдың желтоқсанында шартты сатып алу кезінде 15 грамнан астам гашиш сатқан. Аталған дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды», деді ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Виталий Гудыменко.

Тергеу аясында жәбірленушінің тұрақты жұмыс орны болмағандықтан, заңсыз есірткі бизнесін ұйымдастырып, Көкшетау қаласының аумағына гашиш есірткі құралын жеткізу арнасын жолға қойғаны анықталды. Ұсталған адам жатақхананың жалға алған бөлмесін тінту барысында гашиштің екі орамасы, жалпы салмағы 8 келі 359 грамнан асатын гашишке ұқсас зат тәркіленген.

Бөлісу:
Астана тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар